Введите номер документа
Прайс-лист

Сот жүйесіндегі адам құқықтарының қорғалуы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 6 июня 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 6 июня 2022

06.06.2022

Сот жүйесіндегі адам құқықтарының қорғалуы

 

Көкшетау қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маманы-сот отырысының хатшысы Мұқанова Динара Х.

 

Әрбір адамның және азаматтың құқықтарының заң алдында тең болуы Қазақстар Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген.

Адам құқықтары дегеніміз – адамның өз ойын, мақсатын, мүддесін заң аясында жүзеге асыру мүмкіндігі. Жалпы адам құқықтары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адам тіршілігінен туындайтын құқықтар. Яғни, адамның еркін өмір сүруі, оның бостандығына қол сұғылмауы т.б. Ал әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар. Яғни білім алу, еңбек ету, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, еркін жүріп-тұру т.б.

Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырылу бойынша елімізде көптеген ғылыми ізденістер жүргізілуде. Аталмыш ғылыми ізденістер адамның тіршілік аясының барлық тармағын - саяси-экономикалық, әлеуметтік, жеке құқықтарын толық қамтиды деп айтуға болады.

Әр адам, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, тіліне, дініне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, әлеуметтік топтарына немесе басқа да белгілеріне қарамастан тең құқылы. Және де әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

Адам құқықтары Қазақстан Республткасының Конституциясында, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтар мен арнаулы заңдарда қарастырылған.

Адамның құқығы бұзылғанын немесе бұзылмағанын заң жүзінде анықтап, үкім шығаратын құзіретті орган - сот. Сондықтан да қоғамдық қарым-қатынастардағы құқықтық нормаларды қамтамасыз ету бойынша сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесінің рөлі аса зор.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабында «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінсе, Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында, «әрбір азаматтың тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы бар» делінген. Яғни әрбір адам өз құқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғай алады.

Қорыта келе айтарымыз, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің бұзылған немесе талас тудыратын құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгіне алады.

Тәуелсіздік жылдары еліміз адам құқықтарын қорғау саласында, сондай-ақ демократиялық институттарды нығайтуда маңызды жетістіктерге жетті. Заңнама мен құқық қолдану тәжірибесі жетілдірілуде, сот және қылмыстық-атқару жүйелері өзгеруде. Бірталай халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жаһандық және өңірлік деңгейде белсенді дамып келеді.

Адам құқықтарын қорғайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар әртүрлі әлеуметтік және саяси сын-қатерлерге және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу тәуекелдеріне сезімтал болуы тиіс.

Бүгінгі Қазақстан – бұл саясаты адамның лайықты өмірі мен еркін дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет.

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!