«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 209 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жүк жөнелтуші, жүк алушы жүкті тасымалдаумен байланысты жұмыстарды орындау үшін тармақ иеленушінің, тасымалдаушының, экспедитордың, вагон (контейнер) операторының және басқа да тұлғалардың қызметтерін шарт негізінде қозғалыстың, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда пайдалана алады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Республикаішілік қатынастағы тасымалдаудың негізгі және қосымша жоспарлары бойынша өтінімдер есептіден кейінгі айдың 5-іне дейін қолданыста болады (ГУ-1 нысанды тасымалдау жоспарын орындаудың есепті карточкасын жасау арқылы).»;
49-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: