«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 855 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 225 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
орыс тілінде көрсетілген бұйрықтың тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
орыс тілінде көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
орыс тілінде тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: