«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 496 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шекті аукциондық бағалар бекітілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша АҚШ долларымен және еуромен баламалары көрсетіліп, қосымша құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) есепке алынбай, теңгемен бекітіледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігінің 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8. Тіркелген пайданы (ТП) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ТП = (CAPEX + NWC)* WACC, мұндағы:
ТП - тіркелген пайда (теңге);
CAPEX - ҚҚС есепке алынбай, қаржы моделіне (теңге) сәйкес жобаға жұмсалатын инвестициялық шығындардың шамасы;
NWC - таза айналым капиталы;
WACC - капиталдың орташа өлшенген мөлшерлемесі.
CAPEX мыналарды: