«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 107 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына тағайындауға Ұлттық Банк туралы заңның 20-2-бабында көзделген жағдайларда жол берілмейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Конкурстық комиссия конкурстық комиссияның төрағасынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.
Конкурс өткізіліп жатқан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары (филиалдарда - филиал директоры не оның орынбасарларының бірі) конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері конкурстық комиссия мүшелерінің біріне жүктеледі.
Конкурстық комиссияның құрамына оның мүшелері ретінде кадр қызметінің (филиалдарда - филиалдың директоры айқындайтын қызметкер), конкурс өткізіліп жатқан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшенің басшылары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар, сондай-ақ заң бөлімшесінің басшысы не оның орынбасарларының бірі (филиалдарда - заң кеңесшісі) кіреді.