«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 532 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 027 бюджеттік бағдарламасы бар 334 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«334 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы
027 Өңірде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жүргізуді қамтамасыз ету»;