Осы редакция 2015 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 1 қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған күннен бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;
ХҚО-ға - 2 (екі) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
порталға өтініш берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚО-да құжаттар пакетін тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚО-да қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 20 (жиырма) минут.