«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 23 тамыздағы № 292/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі (бұдан әрі - Технопарк) қызметінің тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Технопарк функцияларына:
1) Технопарк қатысушыларына акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
2) Технопарк қатысушылары үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету;
3) Технопарк қатысушыларының дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;
4) Технопарк қатысушыларының дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;