«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 253 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі саясатты қамтамасыз ету;»;
170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179) және 180) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 323-130), 323-131), 323-132), 323-133), 323-134) және 323-135) тармақшалармен толықтырылсын:
«323-130) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру тәртібі мен оның нысанын бекіту;