Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 175 Қаулысы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 23 Қаулысымен күші жойылды
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 3-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
| 3 | Бадам өзені | Ордабасы | Қараспан ауылдық округі | 8,5 | 500 | 100 |
| Бөржар ауылдық округі | 17,2 | 500 | 100 |
| Бадам ауылдық округі | 18,3 | 500 | 100 |
| Төлеби | Киелітас ауылдық округі | 6,5 | 500 | 100 |
| Бірінші Мамыр ауылдық округі | 22,5 | 500 | 100 |
»;
реттік нөмірі 71-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
| 71 | Баялдыр өзені | Сауран | Бабайқорған ауылдық округі | 4,8 | 500 | 35 |
| Кентау | Байылдыр ауылы | 1,3 | 500 | 100 |
»;
реттік нөмірі 110-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
| 110 | Боралдай өзені | Бәйдібек | Боралдай ауылдық округі | 27,1 | 500 | 100 |
| Ақбастау ауылдық округі | 9 | 500 | 100 |
| Ордабасы | Қажымұқан ауылдық округі | 34,9 | 500 | 100 |
»;