«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 94 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31967 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 25-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу» және «Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: