Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 26 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткіні,
психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер