«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 103 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген):
өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында жазылған.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптар осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес жазылған.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: