Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2018 жылғы 8 қазандағы № 547 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан А.К. Әмрин шығарылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан А.Қ. Аймағамбетов шығарылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан А.К. Әмрин шығарылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына: