Введите номер документа
Прайс-лист

«Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 4 Нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 27 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 10 декабря 2025
Дата последнего изменениячетверг, 27 ноября 2025

 «Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 4 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Адвокат берген апелляциялық (кассациялық, жеке) шағымға апелляциялық (кассациялық, жеке) шағым беру және оған қол қою құқығы көзделген сенімхат, куәлік және оның істі жүргізуге өкілеттігін растайтын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама қоса берілуге тиіс. Қосымшада көрсетілген кез келген құжаттың болмауы АПК-нің 407-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы, 442-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы негізінде оны қайтаруға әкеп соғады.»;

2) 12-1-тармақта:

екінші абзацтағы «АПК-нің 165-бабының бірінші бөлігі» деген сөздер «АПК-нің 165-бабының 1) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 13-тармақта:

екінші абзацтағы «ғана» деген сөз алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«АПК-нің 198-бабында көзделген істі талқылауды кейінге қалдыру жағдайларының тізбесі түпкілікті болып табылмайды.»;

4) мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. Соттар талап қоюшының талап қою ісін жүргізу істері бойынша талап қоюдан бас тарту құқығын арыз берушінің ерекше іс жүргізудегі істер бойынша мәлімделген талапты қолдамау құқығынан ажыратуы тиіс.

Талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы (АПК-нің 48-бабының бірінші бөлігі). Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаған кезде АПК-нің 277-бабы 4) тармақшасының негізінде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады және АПК-нің 278-бабының екінші бөлігінде көзделген салдарлар туындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом