Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 Қаулысы
(2019.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017.18.09. № 198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.12.03. № 33 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.15.02. № 23 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;