Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 14/2-VII шешімі
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 92 702 756,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 40 164 149,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 122 057,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 066 205,7 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 33 350 342,6 мың теңге;
2) шығындар – 83 636 481,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -59 414,9 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 59 414,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 460 212,5 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 481 450,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 21 237,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 8 665 477,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 8 665 477,4 мың теңге;
қарыздар түсімі – 4 361 018,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 13 275 881,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 249 385,6 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Өскемен қаласының 2021 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 194 430,2 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2021 жылға арналған кірістерді бөлу нормативтері атқарылуға алынсын, соның ішінде: