«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 212-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
13 және 14-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қоспағанда, теңіз объектілерін құру жұмыс жобалары Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 13- тарауында белгіленген тәртіппен бекітіледі және келісіледі.
14. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қоспағанда, теңіз объектілерін жобалау алдында, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 97-бабына сәйкес инженерлік ізденістер (инженерлік-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізіледі.»;
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: