Жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 304 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 483 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Көмірсутегі шикізаты, көмір және уран бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;