«Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 92 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларында:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әмбебап аудиологиялық скрининг - МСАК ұйымдарында ерте шақтағы (үш жасқа дейінгі) және алты жастағы барлық балалардың есту бұзылысын отоакустикалық эмиссияны, қысқа-латентті есту қабілеті туындаған әлеуетті тіркеу әдісімен жыл сайын айқындау;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) баптау сессиясы - импланттау жүйесінің (аудио) сөйлеу процессорын күйге келтіру жүргізілетін екі жұмыс күнінен төрт жұмыс күніне дейінгі кезең;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ре-скрининг МСАК денсаулық сақтау ұйымының баланы дамыту кабинетінде туындаған отоакустикалық эмиссияны, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеуетті және тимпанометрияны тіркеу әдісімен бала өмірінің оныншы-отызыншы күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жыл сайын МСАК денсаулық сақтау ұйымында туындаған отоакустикалық эмиссияны, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеуетті тіркеу әдісімен ерте жастағы (үш жасқа дейінгілерді қоса алғанда) балаларға әмбебап аудиологиялық скрининг жүргізіледі.»;