Введите номер документа
Прайс-лист

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 18 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 5 декабря 2025
Дата последнего изменениявторник, 18 ноября 2025

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Субсидиялардың көлемін қалыптастыруды және бөлуді ЖАО (көрсетілетін қызметті берушілер) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидия түрлері мен нормаларына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде мыналарды ескере отырып жүзеге асырады:

аудандардың/қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ағымдағы жылға қажетті субсидиялар көлемдері туралы ұсынатын ақпараты;

алдыңғы жылы игерілген субсидия көлемдері туралы қорытынды деректер;

өңірлік ерекшеліктер;

ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын кәсіпорындардың санымен және үлесімен айқындалатын импортқа тәуелді бағыттарды қоса салғанда, өңірде ауыл шаруашылығы өндірісінің басым мамандануы.

Субсидиялар көлемі бірліктердің (бас, килограмм, доза, дана) санын осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген тиісті субсидиялар нормативтеріне көбейту жолымен айқындалады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом