«Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 499 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 85 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12506 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыздар тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібінде (бұдан әрі - Ерекше тәртіп):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) пайданың ауыспалы бөлігі - реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік өлшемшарттары ескеріле отырып қалыптастырылатын, тарифке енгізілген пайданың 30%-нан аспайтын пайданың бір бөлігі;
2) екі мөлшерлемелі тариф - тұтыну тарифінен және қызмет көрсету жүйесін ұстау тарифінен тұратын тариф;