Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 172 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 19 февраля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 4 марта 2025
Дата последнего изменениясреда, 19 февраля 2025

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 172 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Жыл сайын қаңтар - наурызда тіркеу жылында 17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тіркеледі.

Тіркеуді жергілікті атқарушы орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сымен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынықтыру дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы деректер негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО әскерге шақыру ресурсын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының түрлері мен әскер тектері бойынша алдын ала бөледі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мамандандырылған ұйымында әскери-техникалық және өзге де мамандық бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала және әскери, арнайы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген адамдарды іріктейді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді олардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жүргізеді.»;

35-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әскери-техникалық және өзге де мамандық бойынша Министрліктің мамандандырылған ұйымында денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ол туралы әскерге шақырылушының есепке алу картасына жазылады;»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом