Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
(2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.28.02. № 33 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін анықтайды.
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022.17.11. № 462 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.28.02. № 33 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022.17.11. № 462 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)