Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 157 қаулысымен бекітілген
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Тараз қаласы және аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы облысы бойынша филиалы және оның қалалық және аудандық бөлімдері (бұдан әрі - халыққа қызмет көрсету орталығы) жүзеге асырады;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау