Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
7-қосымша
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге(импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір
түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес
сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші «Есепке алу-бақылау таңбаларын голографиялық қорғау элементтерін пайдаланып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЕБТ АЖ) немесе «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Акциз АЖ) арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінәі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа) ДСН-кодын беру - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;