«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 151 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
келесі мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында «пилоттық» жоба шеңберінде)
1-параграф. Негізгі ұғымдар
378-1. Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
қазынашылық сүйемелдеу - қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық этаптарында құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануына, жобаның барлық қатысушыларымен - мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау;
қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер (мердігер) - заңды тұлға, тапсырыс берушімен қазынашылық сүйемелдеу кезінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарт бойынша тарапы болып әрекет етуші (бұдан әрі - қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер);