Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 370-371 (26214) жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларында:
264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«264. Тозуды біркелкі есептеу әдісін қолдану кезінде негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай тәсілдермен:
1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып;
2) пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып жүргізіледі.
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары белгiленедi.»;
316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«316. Биологиялық активтерге мыналар жатады: малдар және өсімдіктер.
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда биологиялық активтер, ауыл шаруашылық өнімдерінің және оларды алғаннан (жиналғаннан) кейінгі соңғы қайта өндіру нәтижелері көрсетілген.»;
451-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«451. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда бағалау міндеттемелерінің туындауы бойынша түрлі ахуалдардың үлгілері берілген.»;
498 және 499-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«498. Ақша ағындарын дисконттаудың негізгі формуласы жекелеген төлемнің ағымдық құнын анықтау формуласы болып табылады:
PV = FV/(1+i)n,