Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 Қаулысы
(2019.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.11.01. № 1 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді