«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 392 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Мекеме әкімшілігі сотталғанның түзелуі мақсатында оның қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары (қайта әлеуметтендіру) мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектеседі.
Жаза мерзімін өтеуіне бір жыл қалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан сотталғанға қатысты мекеме әкімшілігі жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында қайта әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектің жеке бағдарламасын жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жіберіледі.
Мекеменің орналасуы бойынша мекеме әкімшілігі жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асырады, ол сотталған босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сотталғанның баратын жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жолданады.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: