Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 349 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам,
олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Әділет Министрлігі мен оның аумақтық органдары коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияда:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының телнұсқасын беру үшін: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша үш жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс сегіз жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.