Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы № 159 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 77-1-бабының 8-тармағына, 90-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Клирингтік қатысушының міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамау не тиісінше орындамау фактісін реттеу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде клирингтік ұйымның кепілдік қорын құрайтын қаражатты пайдалану тәртібі клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында айқындалады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: