Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 252 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 162 қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 76 Қаулысымен күші жойылды
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мәдениет саласындағы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны -электрондық (толық автоматтандырылған).