Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 138/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 34/2 Қаулысы
Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 138/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) қаулыда, көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің атауында және бүкіл мәтіні бойынша «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» сөздері «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» сөздерімен ауыстырылсын, «халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен, «Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылсын;