«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 420 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың:
11-тармақтың 1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
11. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігін тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың:
10-тармақтың 1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: