Введите номер документа
Прайс-лист

«Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР-ДСМ-70 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 29 июля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 15 августа 2021
Дата последнего изменениячетверг, 29 июля 2021

«Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР-ДСМ-70 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

5,6,7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған өтінімдерді облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша жыл сайын 15 наурызға дейін береді.

6. Медицина кадрларын резидентурада даярлауға тапсырыс берушілерден алынған өтінімдердің негізінде Ұлттық үйлестіруші жыл сайын 10 сәуірге дейін қаржыландыру көзін көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы клиникалық мамандықтар бөлінісінде медициналық кадрлардың жалпы қажеттілігін қалыптастырады және уәкілетті органға және облыстың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) жібереді.

7. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін уәкілетті орган жыл сайын 10 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының арасында конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом