«Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 147 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12665 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қашықтан оқыту - педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;»;
3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі - жауапты жұмыскерлер) мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет оқұ орталықтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне оқыту және білімді тексеру күндізгі оқу немесе «оn-lіne» режимінде желілік технология бойынша қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.
22. Оқу орталығының мыналарды: