Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.24.12. № 534 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.24.12. № 534 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.24.12. № 534 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет)..
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.04.07. № 203 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.24.03. № 104 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 534 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.04.07. № 203 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.