«Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 2 қаңтардағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10594 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларда Субъекті:
1) көтеру себептерін растайтын құжаттармен (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті (жасалған) шарттардың көшірмелерін) қоса, бағаны көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны;
2) әрбір қызмет түрі бойынша бағалар жобасын немесе босату бағасын;