Введите номер документа
Прайс-лист

«Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 144 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 16 марта 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 августа 2025

 «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 144 бұйрығы

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы - өз қызметін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алуға үміткер табиғи монополия субъектісі;

2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері:

коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган;

электр энергетика саласындағы уәкілетті орган;

3) бюджеттік кредит - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында тиісті бюджеттерден кредиторлар беретін ақша;

4) Жұмыс тобы - Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) шарт жасасу негізінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

5) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу өндіру, жылу тарату және жылу тұтыну қондырғыларынан тұратын кешен;

6) инвестициялық жоба - бюджеттік кредит беру арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған жоба;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!