«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2023 жылғы 21 ақпандағы № 18 бұйрығы
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға қабылдау қағидаларында:
11-тармақта:
5) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өтініштер құжаттармен бірге қолма-қол берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде:
осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған жоғары білім туралы құжатты (құжатқа қосымшамен бірге) және оның көшірмесін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, содан кейін түпнұсқасын қайтарады;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін қайтарады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі - бас тарту туралы қолхат) береді;