«Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығының, «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу және «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 130/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 607/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 207/НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32392 болып тіркелген);