Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № С-9/2 шешімі
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 58 279 273,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 43 580 416,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 238 288,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 899 540,3 мың теңге;
трансферттер түсімі - 12 561 028,7 мың теңге;
2) шығындар - 64 997 759,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 142 301,4 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 214 751,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 6 576 184,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 576 184,3 мың теңге.»;
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2023 жылға 914 000,0 мың теңге сомасында қаланың жергілікті атқарушы органның резерві бекітілсін.»;
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2023 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 45 967,6 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, 1 127 210,3 мың теңге сомасында тұрғын үйдің құрылысына, 168 783,8 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 және 2022 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуді ескерілсін, сонымен қатар, республикалық бюджеттен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу 54 584,4 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;