«Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 369 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz (бұдан әрі-Портал) мынадай құжаттарды ұсынады:
аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың:
меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде аңшылық минимум бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлардың;
веб-сайттың;
филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);