Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗ...

Информация о документе
Датачетверг, 7 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 7 апреля 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізсін.

2. Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің кестесін (бұдан әрі – кесте) қалыптастыру мен бекітудің мынадай тәртібі белгіленсін:

1) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жіберсін;

2) жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган кестенің жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін;

3) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кестені бекітсін.

3. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары:

1) қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындаған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізсін;

2) техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом