«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 696 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 752 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11270 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін жылқыларды өсіру бойынша қамтамасыз ету».
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету».
| Р/с № | Күзет объектілерінің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы және олардың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Иттердің санаты |
| Іздеуші | Патрульлдік-іздеуші | Қарауылдық | Есірткі іздеуші | Мина іздеуші | Шабуылдаушы | Іздеуші-құтқарушы | Асыл тұқымды | Күшіктер | Жөндеудегі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 1-параграф. Маңызды мемлекеттік объектілерді күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) |
| 1. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект | бірлік | 2 | 3 | 1 | - | 2 | - | - | - | - | - |
| 2. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | бірлік | - | 3 | - | - | 2 | - | - | - | - | - |