Осы редакция 2018 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше
жағдайлар комитеті Төрағасының
2014 жылғы 15 қарашадағы
№ 38 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының
Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе қаласының
Төтенше жағдайлар басқармасы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Комитет төрағасының және Департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Басқармаға заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.