«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 428 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комитеттің заңды мекенжайы: пошта индексі 001000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;
17-тармақта:
міндеттерінде:
97), 98) және 99) тармақшалар алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: