«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 602 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 920 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы Қағидаларында:
2-тармақты жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндiру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;
2) жеткізіп беруші заңды тұлға - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына заңнамада белгіленген тәртіпте лицензия алған ұйымдар;
3) дайындаушы кәсіпорын - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын дайындауға заңнамада белгіленген тәртіпте лицензия алған ұйымдар;
4) тіркелген қару - ішкі істер органдарында белгіленген тәртіпте тіркелген және сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат берілген немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкінің «Тіркелген қару» есебіне қойылған азаматтық және қызметтік қару;