«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:
4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Кодекстің 41-бабының 2- тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырыс нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс ұсынады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн жоспарланған мерзімге (бұдан әрi - мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:
1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;